Ақын кеші Алматыда өтті

Алматы қаласында Қазақ Ұлттық академиялық кітапханасында көрнекті ақын-драматургі, халықаралық Алаш әдеби және Махмұт Қашқари атындағы түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін сыйлықтарының лауреаты Ақылбек Шаяхметпен кездесу өтті.Ұлттық кітапхананың Нәзира Дәулетова атындағы залында қаламгердің кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кештің модераторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы Төрағасының орынбасары, ақын Бақыт Беделхан құттықтау сөзімен ашты. Кеште ақынның шығармашылығы жайлы өз ойларымды айтып, ақынға арнаған толғауымды оқыдым.
Әдемі кеште ақынның курстасы, белгілі қаламгер, ұлт жанашыры Марат Тоқашбай сөз сөйлеп, республикалық қоғамдық марапаттау қорының атынан Қазақ Журналистикасының қайраткері атағымен марапаттады.
Ірі кәсіпкер, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы қордың төрағасы Махмұт Нәлібаев сөз сөйледі. Алашшыл талантты жас ғалым, журналст Заңғар Кәрімхан басқаратын «Қыр баласы» қоғамдық қорының мүшелері ақын Ақылбек Шаяхметке қордың атынан алғыс хат тапсырды.
Кеш барысында белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты грамматика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымының докторы Орынай Жұбай мерейтой иесін құттықтап, сөз сөйледі. Орынай ханым Ақылбек Шаяхметке ата дәстүріміз бойынша шапан жауып, ақынның зайыбы Бақыт жеңгемізге әдемі камзол кигізді.Техника ғылымының докторыШуақаев Марат Қапашұлы,Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі, «Тіл–құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ахметтанушы Райхан Имаханбетжәне басқа кеш қонақтары тебірене сөйлеп, ақынның шыңғармашылығына жақсы баға берді.
Кездесуде ақынның «Ұлт ұйтқысы Ахмет»атты кітабының тұсауын кестік.Бас қосуға Ақылбек ағамыздың немерелері де келіп, аталарының жырларын жатқа оқыды.
Өткен жылы маусым айында тарихы терең, астықты Қостанай өңіріне арнайы шақырумен барып, ақын ағамыздың 70 жылдық мерейтойына қатысып, құттықтап қайтқан едік.Ақын ағамның мерейтойына арнаған сол толғауымды «Қостанай  таңы» газетінің оқырмандарына ұсынып отырмын.
 
Ақын Ақылбек Шаяхметке
 
О, Қостанай!
Тағы бастым топырағыңды қастерлі,
Өз жерімде көргендей боп басқа елді.
Бейітінде Бәдрисафа апамның,
Жанарыма жас келді.
Қайран Ақаң Александра арумен,
Қырат кезген әрбір шөбі дәрумен.
Қорлағысы келген сұмдар жоқ болды,
Даламызға кіріп келіп қарумен.
Одан бері қанша мылтық кезелді,
Тас жүректер безерді.
Қай жағынан қарасаң да ақ жаңбыры құйғанмен,
Қазақстан жүрегіме сыйғанмен,
Шекараға сыймай тұр.
Себебі оның ар жағында ежелгі,
Біздің рух қимай тұр.
Өтер кетер бес күн жалған дүние,
Бұл далаға болар ертең кім ие?!
Қостанай мен Торғайым,
Қалай сені, Қазақстан, қаңқу сөзден қорғайын?
Сұғын қадап, күндіз-түні торыған,
Күн сайын мен сұғанаққа жолығам.
Кейде рас, қорынам,
Қалай аман ап қалам деп дұшпандардың торынан.
Қобыланды мен Алпамыстың рухы,
Әлихан мен Мұстафаның рухы,
Елдес Омар, Мағжаным,
Туған жерді қимай қайтқан қаздарым.
Желқуардай жүйірік ақын Ақылбек,
Жетпіс жылда елу кітап жазғаның.
Мына елге аңыз болып тараған,
Талай жайсаң бұрылып кеп қараған.
Алатаудың баурайынан ұшып кеп,
Аман жүр деп тілек айттым, нар ағам.
Өз алдына аудан болған Бейімбет,
Көрдім тағы қанша жылдан кейін кеп.
Әйет жатыр суы әлі мөлдіреп,
Жүзімді шайып қарай да бердім елжіреп.
Қалықтайды аспан жақта сарының,
Елге тарап шуақ шашқандарының,
Шарпып өтті жырларымды жалының.
Жүрегіме ыршып түскен отпысың,
Қара жолда сан өртенген жоқпысың.
Сыртта қалған қазақтарды жебеген,
Сағым орап Орынбор мен Селебең.
Екі тұстан мұнартады мұңайтып,
Әр түп жусан тұрғандайын сыр айтып.
Жатта қалған, өте алмаста нөткелден,
Қайран, Күйік кірпігіме кептелген.
Толқып қайта ралыстан бір кеп көрген,
Аттан түспей, басын имей кеткен соң,
Қазақтарды ана иттер ғой жек көрген.
Әлсін-әлсін есіме алып тұрамын,
Жылап аққанТүйетастың бұлағын.
Желқуар мен Шортандыдан сұрадым,
Қатар да қатар шалқаларынан жатқызып,
Жандарын бебеу қаққызып.
Сүндеттеп тастап, міндеттеген кәпірді,
Хан Кене мен Наурызбайды айтқанда,
Айдалада ағыл да тегіл жыладым.
Опасызға бұ дүниеде не дерсің,
Оралып қайта ұлы далаға келерсің.
Ала ужырыңмен туған далаңды жеберсің.
Күндердің күні болғанда,
Ай бозарып толғанда,
Оны да өзің аман да болсаң көрерсің.
Жауап айтты қөзеуреген қыртына,
Шетте жатқан айтар сөз көпжұртыма.
Шекараның ар жағында ер қазақ,
Аманаттап айтып кеткен сөздерін,
Қабірінің жазды  ұрпағысыртына.
Келешекке алаулаған хатың бар,
Жауларың бар, тар жерлерде тақымдар.
Оралады сағынышпен жақындар.
Жітіқара, міне, саған жеттім мен,
Күнде тумас Ақылбектей ақындар.
Биік-биік мінбелерде аталған,
Ғафуменен Сырбайлардан бата алған.
Сәкен сері Жүнісовпен мұңдасқан,
Кеше Қадыр, Жұмекенмен сырласқан.
Бі расудыТұмағаммен бірге асқан,
Өтежанмен, Тоқаштармен бірге ішкен,
Оқ бойындай оза шапқан құрдастан,
Өткен күні аңыздайын жыр-дастан.
Жастайыңнан елге жырың ұнаған,
Кемі оты зжыл ел бағына жүр аман.
Жүрегіңді ауыртқанын білем мен,
Туған дала зымырандар құлаған.
Бабалардың ұлы жолын жалғапты,
Атқа мініп қумағанмен қалмақты.
Қара өлеңде самұрықтай самғапты,
Бұл өмірдің ауыр жолын таңдапты.
Түп атасы Қобыландыдан тарайтын,
Қостанайда бір ақын бар ардақты.
 
Қасымхан Бегманов,
Қазақстан Жастар Одағы және халықаралық Алаш сыйлықтарының лауреаты,
Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының,
Халықаралық жазушылар мен публицистер қауымдастығының,
Бас редакторлар клубының мүшесі
және ҚР Жазушылар одағының басқарма мүшесі.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓