Жатақханалар салынады

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов кезекті аппарат мәжілісінде Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» бойынша бірнеше жоба қолға алынатынын айтты. Мәселен, Қостанай, Рудный және Арқалық қалаларында студенттерге арналып бірнеше жатақхана салынбақ.akim2
-Бастамалардың әрқайсысы еліміздің әр азаматы үшін үлкен берекенің бастауы. Бұнда халқымызды толғандыратын баспана салу, еңбекақыны көбейту мен салық жүктемесін азайту, білім беру мен жатақхана салу, шағын несие беру мен газдандыру сұрақтары қарастырылған. Бүгінде жатақхана салу жұмыстарының жоспары бекітілді. Мәселен, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ жанынан салынатын студенттер үйінің жобалық-сметалық құжаттары дайын. Қазір облыстағы басқа оқу орындарымен байланыс жасап, мемлекеттік және жекешелік әріптестік аясында жатақхана салуды бастап кету қажет,-деді өңір басшысы.
Архимед Мұхамбетовтің сөзінше, жатақхана оқу орнының қасында орналасса, суденттер үшін барынша жақсы қолайлы болмақ. Сондай-ақ, Рудный және Арқалық қалаларында да жатақханалар бой көтереді. Жалпы, облыста 3305 студентке жатақхана қажет екен.
-Президент ұсынған 5 бастама мемлекетіміздің халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігінің айқын көрінісі. Олардың барлығы экономиканың өсімі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғаны сөзсіз. Ел дамуының қиын кездерінде Елбасымыз халық қамын ойлап, қашанда әлеуметтік саланы шектемей, оны қолдап отырды. Қазіргі таңда негізгі міндет – тұрғындар арасында ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, – деді Архимед Мұхамбетов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓