7 бала жақындарына оралды

Қостанай балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы күтімге, тұрмыстық және медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетуге, оқытуға, тәрбиелеуге, әлеуметтік еңбекпен бейімдеуге мұқтаж 4 жастан 18 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек балалардың тұрақты тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады. Балалар орталығының қызметі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
–Балалар үшін үй жағдайына қолайлы өмір сүру жағдайын жасау, олардың жеке даму, әлеуметтену және интеграциялану деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету Балалар орталығының миссиясы. Бүгінгі күні балалар орталығының стационарында 93 тәрбиеленуші толық мемлекеттік қамсыздандыруда, 41 бала күндіз болу бөлімшесінде қызмет алады. Балалар орталығы қажетті медициналық, физиотерапиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Аталмыш орталықта Мария Монтессори ұсынған тәрбиелеу жүйесі,  құм терапиясы, 7 оқу сыныбы, сенсорлық бөлме, лицензияланған екпе және медициналық кабинеттер, дағдарыс палатасы, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау мен шеберхана кабинеттері бар. Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету аясында Орталықтың тәрбиеленушілері медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыра және өткізе отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алады. Облыстық және Нұр-Сұлтан қаласындағы оңалту орталықтарында оңалтуға көмек көрсетіледі. Түзету мектептерінде 12 тәрбиеленуші оқиды, 6 бала үйде оқытылады. Соңғы 3 жылда Орталықтың жеті тәрбиеленушісі үйлеріне оралып, жақындарымен бірге тұрып жатыр, – дейді Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы  Майдашаш Жұмағали.
39eee751af30032eeece2f48de2de4ba_XL
Ерекше қажеттіліктері бар мүгедек балалардың оңалту проблемаларын барынша шешу үшін Орталық емдеу-профилактикалық мекемелерімен, білім беру ұйымдарымен, халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерімен және басқа да мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыста балаларды оңалту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізеді.
Стандарттарға сәйкес мамандардың жұмыс сапасы жартылай стационарлық және үйде қызмет көрсету жағдайында отбасыларына қайтарылған (берілген) және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызмет алатын қызмет алушылар санының ұлғаюы бойынша бағаланады.
Балалардың өмір сүру сапасы балалар орталығының әрбір қызметкерінің еңбегі мен қайтарымына байланысты екенін ескеріп, орталықтың ұжымы оларға тиісті күтім жасау, өмір сүру жағдайын және қызмет көрсету сапасын толыққанды және жайлы жасау үшін бар  күш-жігерін жұмсайды. 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓