5 жасар қыз терезеден құлап кетті
Қостанайда жеке тұрғын үйдің екінші қабатынан бес жасар қыз бала москит торына сүйеніп тұрып, төмен құлап түсті. Жазатайым оқиға 11 тамыз күні сағат 22.05-те бала ересектердің қарауынсыз жалғыз қалған кезде орын алған. Қыз Лисаков қаласынан ата-анасымен бірге туыстарына қонаққа келген көрінеді.Зардап шегуші жабық бас-ми жарақаты диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер баланың жағдайының ауыр екендігін айтады.
Айта кету керек, бұл тұрғын үйдің терезесінен бала құлап түскен төртінші оқиға. Сондықтан, төтенше жағдай қызметкерлдері ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.