Айбек Қалиев – бас жүлде иегері
Таран ауданында Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған облыстық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Сөз додасына Айбек Қалиев, Салтанат Өтелбаева, Байбатыр Ахметбеков, Ғалымгерей Кенжеғожин, Мамай Ізтілеу және Марғұлан Оспанов сынды ақындар қатысқан еді. Қазылар алқасында А.Шаяхмет, Н.Мұқатов, Ә.Орманшина бар.
Сонымен, қазылардың шешімімен, бас жүлдені Айбек Қалиев қанжығаға байлады. 1-орын Мамай Ізтілеуге бұйырды. 2-орынға Салтанат Өтелбаева лайықты деп танылды. Ал 3-орынды Марғұлан Оспанов пен Ғалымгерей Кенжеғозин бөлісті.