Тағы бір провизорлық стационар жабылды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Қостанай ауданындағы провизорлық емханадан соңғы науқастар шығарылды.
-Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты аурухана басшылығы провизорлық стационардың жабылғанын жариялады. Перзентхана және хирургиялық бөлімшелер базасында дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі. Жақын арада шұғыл және жоспарлы акушерлік-гинекологиялық және хирургиялық бейіндегі пациенттерді қабылдау және емдеу қайта басталады. Басқа да науқастады қабылдау қалыпты форматта жалғасады, – дейді басқарманың баспасөз хатшысы К.Жылқыбаева.
Бұған дейін өңірде коронавирус індеті мен пневмония жұқтырған науқастар санының азаюына байланысты екі провизорлық орталық жұмысын тоқтатқан болатын.


 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓