COVID-19: +30 адам

Қостанай облысында тағы 30 адамның КВИ жұқтырғаны анықталды.
Инфекция қалаларда 9 қостанайлықтың, 10 лисаковтықтың, 3 рудныйлықтың және 2 тобылдықтың ағзасынан анықталып отыр. Сондай-ақ, Қостанай ауданында 4, Қарасу мен Қамысты аудандарында бір-бір адамнан дерт жұқтырған.
Барлығы жергілікті жағдайлар. Пациенттер өз еріктерімен медициналық көмекке жүгінуі бойынша және олар тамақ ауруы, дене қызуы, әлсіздік, бас айналу симптомдарына шағымданулары бойынша тексерістен өткен. 
Осы науқастармен байланыста болған тұлғалар анықталып, медициналық бақылауға алынуда. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.
Мұның сыртында, 8 тамызда облыста пневмония диагнозымен 5 науқас ауруғанаға жатқызылған.
2020 жылдың 8 тамызындағы мәлімет бойынша, облыс аумағында коронавирус инфекциясын 3051 адам жұқтырған белгілі болды. Емделіп шыққандар саны- 2431.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓