Облыс озық үштікте

Қостанай облысы тұтыну бағасының индексі жөнінен республика бойынша 3-орынға ие болды. Бұл- пайызға шаққанда 104,2%-ке тең көрсеткіш. Бұл туралы облыстық Экономика басқармасы хабарлады.2b5b3a49979834e59a174ecb85e89067
Облыста әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру механизмін жүзеге асыру үшін 1,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.
Қазіргі уақытта аймақтық тұрақтандыру қорында азық-түлік тауарларының жал пы құны 493,9 млн теңге болатын 2,5 мың тонна көлеміндегі қоры сақтаулы.
Азық-түліктің 9 түрі бойынша тауар интервенциясы жүргілуде, тапсырыс берушілер мен бөлшек сауда желілері арасында картоп, қант, жұмыртқа және нанның шекті құнын белгілеу туралы 868 меморандумға және 453 келісім-шартқа қол қойылған.
Жергілікті тауар өндірушілерге өз өнімдерін делдалсыз сату үшін сауда базарларынан 208 сауда орны берілген. Жеміс-жидек өсірумен айналысатын кәсіпкерлерге арналып, қалалардағы базарлар мен шағвн аудандарда 120 сауда сөрелері ұйымдастырылған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓