7-20-25: барлығына ортақ

7-20-25 бағдарлама бастапқы тұрғын үйге көзделген, одан әрі Бағдарламаға қайталама тұрғын үйді енгізу мүмкіндігі қарастырылатын болады. Бұл туралы Ұлттық банктің басшысы Данияр Ақышев айтты. баспанаАқышевтің айтуынша, 7-20-25 бағдарламасына теңгемен тұрақты кірісі бар Қазақстанның барлық азаматы қатыса алады. Ұлттық Банк басшысының айтуы бойынша, бағдарлама бастапқы тұрғын үйге көзделген, одан әрі бағдарламаға қайталама тұрғын үйді енгізу мүмкіндігі қарастырылатын болады. Бағдарлама бойынша ипотекалық қарыздың ең жоғары мөлшері өңірге байланысты сараланатын болады, бұл ел өңірлеріндегі тұрғын үйлерге бағалар деңгейінің әртүрлі болуына негізделген.
"Бағдарлама бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздары тек қана теңгемен берілетін болады. Бұл ретте банктер Бағдарлама шеңберінде ипотекалық қарыздарды алу және қызмет көрсетумен байланысты қандай да бір комиссиялар мен алымдар өндіріп алмайды", – деп атап өтті Ақышев.
Оның айтуынша, Бағдарламаның қамтуын анықтау мақсатында Ұлттық Банк тиісті мемлекеттік органдардан ақпарат сұратты. Бағдарламаның қамтуы бойынша деректер алынған барлық ақпарат көлемі өңделгеннен кейін жария етілетін болады. Бұл ретте, баспанаға мұқтаждарды және ипотекалық қарыз бойынша төлемдер төленетін кірістері барларды тексеру қажет. 
Айта кетейік, бағдарламаныңнегізгі талаптары: сыйақы мөлшерлемесі – жылына 7 пайыздан артық емес; бастапқы жарна – 20 пайыздан артық емес; кредит мерзімі – 25 жылға дейін. Басқа талаптары талқылануда және Бағдарламада көрсетілетін болады, ол ағымдағы жылдың мамыр айында бекітіледі. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓