Спортпен шұғылдануға жаңа мүмкіндік
Сарыкөл ауданы «Батыр» стадионындағы әкімшілік ғимаратының екінші этажы 12 жаңа спорттық құрылғымен толықты.
Бұл – сарыкөлдіктер үшін тамаша жаңалық болды.


Аудандық спорт бөлімінің басшысы Серік Мусиннің айтуынша, жаңа жаттығу құрылғыларымен барлық адам айналысуға болады.
Алайда, жаңа спорттық құрылғылар ағымдағы айдың 23-25-і аралығында өңірде ұлттық спорт түрлерінен өтетін облыстық спартакиадада іске қосылатын болады.

Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.