33 адам індет жұқтырды

Қостанай облысында тағы 33 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.
Індет облыс орталығының 10, Рудныйдың 6 тұрғынынан анықталды. Сондай-ақ, Лисаков және Тобыл қалаларында үш-үштен осындай жағдай тіркелді.
Денисов ауданында 6, Ұзыкөлде 2, Алтынсаринде 2 және Қостанай ауданынла 1 адам дертке шалдыққан.
Осы науқастармен жақын байланыста болған тұлғалар анықталып жатыр.
7 тамыздағы мәлімет бойынша, облыста инфекция жұқтырғандар саны 3021 адамға жетті. 2330 емделуші жазылып шыққан.
Мұның сыртында, 7 тамызда пневмония диагнозымен 16 адам ауруханаға жатқызылған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓