Екі провизорлық орталық жұмысын тоқтатты
Коронавирус індеті мен пневмония жұқтырған науқастар санының азаюына байланысты Қостанайда екі провизорлық орталық жабылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, облыс орталығындағы “Достық” санаторийі мен тері аурулары диспансері жанынан ашылған провизорлық орталықтар енді жұмыс істемейді. Бұған дейін облыс әкімі А.Мұхамбетов жиын өткізіп, облыстың эпидемиологиялық жағдайы тұрақталып келе жатқанын айтқанын болатын.
Еске сала кейтейік, Қостанай қаласындағы “Достық” сауықтыру кешенін провизорлық госпиталь қызметіне ауыстыру шешімі өңірде провизорлық төсек орындардың жетспеуіне байланысты қабылданған болатын.