«Жағдай күрделенсе, қашықтық режимге толық көшеміз»

photo_313327Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 2020-2021 оқу жылының білім беру процесі бірнеше бағыттар бойынша ұйымдастырылатын болады. Облыс аумағында 490 мектеп жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында оқушылардың алдын ала контингенті 108,6 мыңнан астам оқушы мен 13 мың педагогті құрайды. Бірінші сыныпқа 12,2 мыңнан астам оқушы қабылданады деп күтілуде.

Облыста жалпы контингенті 18,6 мың оқушыны (18606) қамтитын барлығы 330 шағын жинақталған мектеп (67%) бар. Оның ішінде жалпы контингенті 16 мыңнан астам оқушы (16194) бар 265 мектеп (мектептердің жалпы санының 54%-ы) немесе оқушылардың жалпы санының 15%-ы санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, штаттық режимде оқитын болады. Арасы 1,5 сағаттық үзіліспен 2 ауысымды құрайды. Желдету, дезинфекциялау, маскалық режим енгізіліп, медициналық бақылау күшейтіледі. Мұндай оқыту форматы осы елді мекендерде қолайлы эпидемиологиялық жағдай болған кезде мүмкін болатынын түсіну маңызды. Егер өңірдің эпидемиологиялық жағдайы күрделенетін болса, өңірдің барлық мектептері қашықтық режимге толық көшірілетін болады.
Өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте алдағы 2020-2021 оқу жылына дайындық жөнінде баяндаған Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов осылай деді. Жалпы контингенті 92,5 мың оқушыны (85%) қамтитын қалған 225 (46%) мектепте оқу процесі қашықтан ұйымдастырылатын болады.
– Бұл ретте, бастауыш сыныптарда ата-аналардың өтініштері бойынша қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, толымдығы 15 адамға дейін топтарға бөле отырып, кезекші сыныптар жұмыс істейді. Бүгінгі таңда осындай форматта оқу үшін жалпы контингенті 27,3 мың оқушысы немесе төменгі сынып оқушыларының жалпы санының 55% бар 2400-ге жуық топтың ашылуы жоспарлануда. Осылайша облыс бойынша 108 мың оқушының 16 мыңы немесе 15% штаттық режимде оқытылатын болады; 27 мың оқушы үшін (25%) мектептерде кезекші сыныптар ұйымдастырылатын болады; 65 мың оқушы (60%) интернет-тұғырнамалар мен теледидарды пайдалана отырып, қашықтық форматта оқитын болады, – деді аймақ басшысы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓