Қара Обаны қазған кімдер?
Әйгілі Жыланшық бойын талай жылдар ақын-жазушылар, от ауызды, орақ тілді би-шешендер мен бар күші білегіне біткен батырлар мекен еткен. Тіпті, осы Батпаққара өңірін қайырымдылығымен қазақ даласына аты мәшһүр болған бай-шүленгерлер де жайлаған. Ел ішінде аса құрметке ие азаматтарға ағайын-туыс, халқы ерекше сый-құрмет көрсетіп отыратыны мәлім. Оларды көзі тірісінде де, өмірден өткен соң да қастерлеген. Жұртына сыйлы адам дүние салса, оны артында қалғандары наным-сенімдер бойынша алтынмен аптап, күміспен қаптап жерлеген. Кейін мазарды қарақшылар тонап, сырттан төнген жау мазақ етпесін деп, барынша тереңірек қазып, ел көшіп жүргенде бейіттен адаспас үшін көзге көрінердей етіп, үлкенірек қып төбе жасаған. Осындай обалар қазіргі Аманкелді ауданының аумағында жиі кездеседі. Ел ақсақалдары әрдайым тәу етіп отыратын ата-баба бейітін өскелең ұрпақ та қастерлейтіні анық. Ертеде биік төбелерді Аманкелді батырдың сарбаздары патша әскерін бақылайтын орын деп те тарқататын қариялар. Әйтеуір, алдыңғы буын өкілдері сол төбелерді әруақты жер деуші еді.
Жақында Аманкелді ауданындағы оқырмандардың бірінен сол жақтағы Қара оба деп аталатын төбені белгісіз біреулер қазып жатыр, бұзып жатыр деген қауесет келіп жетті. «Не үшін қазып жатыр, анық-қанығын біліп бересіздер ме?» деген газет оқырманының сауалына жауап іздеп, Батпаққараға жол түрдік. Облыс орталығынан 400 шақырымнан астам жолды артқа қалдырып, межелі жерге жеттік. Алдымен, аудан әкімінің орынбасары Сабыржан Хайруллин мырзаға соғып, мән-жайды түсіндірдік. Жолаушылардың бұйымтайын естіген атқамінер кішіпейілдік танытып, Қарасу ауылдық округі, Әбусыздық елді мекеніндегі археолгтардың жұмысы туралы баяндап берді.
-Олар осыдан екі апта бұрын келіп, біздің аудан аумағындағы, ел ішінде Қара Оба деп аталатын төбенің маңайында қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қолдарында зерттеу жұмыстарын жүргізуге Астанадағы Ұлттық мұражайдың берген рұқсат қағазы бар екен. Алғаш келгенде Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері олармен сұхбаттасқан болатын. Жағдай қалыпты. Ғалымдар өздерінің міндеттерін орындап жатыр,-деді аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллин.
Сапарда жүрген журналистің сауалдарына салмақты жауап беріп, одан қалды, бірқатар жұмыстарын ретке келтіруге көмек көрсеткен аудан әкімінің орынбасарына алғыс айта кеткен жөн. Мысалы, Қара Обаның басына жету үшін жөн сілтейтін жолсерік ертіп бергеніне рахмет дейміз.

(суретте: жол көрсеткен ағамыз Дулат Балтабайұлы)
Құмды жолдың шаңын бұрқыратып, айтулы орынға да жеттік. Алайда, археологтармен жолығудың сәті түспеді. Біз түс қайта жеткен едік. Олар бар шаруасын бітіріп, таң елең-алаңда кетіп қалған екен. Бірақ Қара Обаның маңындағы кішкентай қос обаны бұзып, қазғаны көрініп тұр. Сан соғып, бармақ тістеп тұрған өкінішімізді байқаған жол нұсқаушы Дулат Балтабайұлы осы Әбусыздық ауылында тұратын Аманжол Қарин есімді ақсақалдың үйіне әкелді. Аманжол ата бізді бірден таныды. Өйткені ол тілшілердің келетінін сол археолгтардан естіп-білген. Екі апта бойы Аманжол атайдың үйінде жатқан олар аяқ асты жол жүріп кеткен. (Біз жолға шықпас бұрын, Айбар есімді археолог жігіттің ұялы телефонына қоңырау шалып, келетінімізді ескерткен болатынбыз.)
-Мен олардың шаруаларына араласпадым. Таңертең кетіп, ақшамға қарай қайта келеді. Өздерінің жер қазатын техникалары болды. Аудан орталығынан бос жүрген азаматтарды әкеп, ақшасын төлеп жұмыс істететін. Астанадан келдік деп айтқан әуелде. Сол Астаналарына қайтып кеткен болар. Ауыл жүгірмектерінен естігенім, әйел адамның сүйегін тапқан көрінеді. Себебі, соның қасында сырғаға ұқсас темір бұйымдар табылған екен. Кейін жылқының қаңқасы шыққан дейді. Тағы бір әңгімелерінде анау тұрған биік Қара Обаның өзін келесі жылы келіп қазатынын айтатын,-деп ағынан жарылд

ы ақсақал.
Уақытша нәпақаға жалданып жұмыс істеген ауыл жастарының бірі – Әли Серіков.
-Басында обаны арнайы техникамен үш бөлікке бөлді. Арасы ашылған соң қолмен қаздық. Обаның қақ ортасынан 6 м тереңдікке дейін қазып, жанынан тағы да оя бастадық. Жұмыс барысында бос құмыралар табылды. Жіңішке сымдардан жасалған әйел кісінің әшекей-бұйымдары да кездесті. Ал, әйел адамның мүрдесі табылды деп басқа жігіттер айтқан болатын. Ол күні мен жұмысқа шықпадым. Бізді күн сайын жұмысқа шығуға мәжбүрлемейтін. Аудан орталығынан автобусқа тиеп алып келетін, тек адам толса болғаны. Жұмыс аяғында 2500 теңге көлемінде еңбекақы беріп отырды. Сол археологиялық орында басшымыз Айбар деген азамат сіздердің келетіндеріңізді кетерден бір-екі күн бұрын айтқан,- дейді Ә.Серіков.
Қазір ауыл тұрғындарының айтуымен 6 м тереңдіктегі шұңқырды көміп кеткен. Қысты күні мал құлап, мертігуі мүмкін. Ал тарам-тарам боп жыртылған обалар сол күйі жатыр. Кейін Астанадағы Ұлттық мұражайға да хабарласып көрдік. Онда бізбен тілдескен мекеме басшысының орынбасарына мән-жайды баяндадық. Өтінішімізді қабыл алып, тез арада бізді осы іске жауапты маман деп, Бақыт Молдашева есімді азаматшамен байланысқа қосты. -Қазір еліміздің көпетеген аймағында осындай зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Қостанай облысындағы қазба жұмыстары да назарда. Бұл бүгінгі ғылымға қажетті нәрсе. Археолгтардың негізгі міндеттері де осы емес пе. Қазып көріп, тарихты деректермен толықтыруымыз керек. Сондай-ақ, бұл жеке тұлғалардың түрткі болуымен іске асып отыр. Аманкелді ауданындағы қазба жұмыстары сол жердің тумасы, танымал жиһанкез Сапар Ысқақовтың қолдауымен ұйымдастырылды. Яғни, сол кісі қаржыландырды. Біз бүгін ешқандай ресми ақпарттар бере алмаймыз. Өйткені, ол кісінің рұқсаты керек. Ал ол қазір шетелде жүр. Тағы бір айта кететін нәрсе, С.Ысқақовтың бастамасымен тамыз айының басында осы жұмыстарға байланысты ресми кездесулер ұйымдастырылып, БАҚ өкілдерімен сұхбат болады,-деді Б.Молдашева. Осылайша, біздің Аманкелді ауданына жасаған іссапарымыз да аяқталды. Туған жердің әр тасы мен ауасы біз үшін қымбат. Қорымдар мен обаларды қорғаған абзал. Алайда, «өткенін білмегеннің – келешегі бұлыңғыр» дейтін де дана қазақ.
Сапар барысында журналистерге қамқорлық танытып, жол көрсеткен аудан әкімінің орынбасары Сабыржан Хайруллин, Ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Ерлібек Ещанов пен осы бөлімнің бас маманы Дулат Әбдібековке және Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Тажинге алғыс айтамыз.

Кенже ҚОНЫСБАЙ