Суға әлі сұраныс көп

Өңірде ауыз судың азабын тартып отырған ауылдар әлі де бар. Мәселен, облыста 517 ауыл болса, соның 308 -де ғана су жеткізілген. Яғни, ауыл тұрғындарының  76%-і таза су ішіп отыр деген сөз.  Бұл еліміз бойынша өте төмен көрсеткіш. Көптеген шалғай елдімекеннің тұрғындары суға сусап отыр. Ондағы құбырлар әбден тозған.
-Елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту мәселесін қайта қарау керек.Өйткені, су таратқыш пункттер ауылдардың шетінде орналастырылған. Жұрт ыдыстарын сүйреп, бірнеше шақырымнан су тасып ішеді. Дұрыс емес. Су құбырын мейлінше үйлерге жақындатып беру керек. Бұл біздің басты міндетіміз. 2020 жылы облыстағы 174 ауылға су таратқыш пункт салынса, биыл оның саны 190-ға жеткен. Өте баяу қимылдап жатырмыз. Ал ауылдағы ағайын ондаған жылдар бойы су күтіп отыр. Ауылда жарық, су, жол, жұмыс болса, одан ешкім ауа жайылып кетпес  еді. Жағдайдың жоқтығынан  көшіп жатыр. Бұған мән беруіміз керек,-деді облыс әкімі.
Өңір басшысының айтқанындай, Алтынсарин, Науырзым аудандарында үстіміздегі жылы бірде-бір жоба қолға алынбаған. Алтынсарин ауданы  биыл 2,5 млрд теңгеге бір жоба ұсынғанмен ол кері қайтарылған. Жоба тым қымбат!  Облыс әкімі Қ.Ақсақалов мұндай қымбат жобалардан бас тартып, қарапайым тәсілдерге жүгінуге кеңес берді. "Ескірген су құбырларын қайта қалпына келтіру бұдан әлдеқайда арзан тұрады.  Қазына қаржысын бей-берекет шаша беруге болмайды",- деп қадап айтты  өңір басшысы.
Жақында алдағы үш жылға арналған облыс бюджеті бекітіледі. Облыс әкімі  оған ауылдарды ауыз сумен қамту мәселесін  енгізуді тапсырды.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓