Төрт жастағы қыз терезеден құлап кетті
Төрт жастағы қыз москит торына сүйеніп тұрып, төменге құлап түсті.
2016 жылы туған қыз тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Қайғылы оқиға 1 тамыз күні кешкі сағат 21-44-те Қостанайда Қайрбеков көшесінде орын алды, деп хабарлайды Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Ата-анасы жұмыста болды, кішкентай қызды үйде 3 үлкен баланың қамқорлығына қалдырды. Бір сәтте бала қараусыз қалып, ашық қалған терезенің жақтауына көтерілді. Төрт жастағы қыз москит торына сүйеніп тұрып, төменге құлап түсті.
Зардап шегуші шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалайды.
Қостанай облысының ТЖД ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Қауіпсіздік мақсатында терезелерге торларды немесе блокаторларды орнатыңыз!
1 маусым ба әлде 1 тамз ба?