Басқарма көмегі

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұжымы Құрбан айт мерекесі қарсаңында өзара ұйымдасып көмекке мұқтаж жандарға  қайырымдылық жасады. Ата-анасынан ерте айрылған 9 жасар Бағдат Мұқышевке және оның Ләззат  әжесіне азық түлік  апарып берді.
WhatsApp Image 2020-08-03 at 11.49.54
"Құрбан айт адамдарды кеңпейілділік пен қайырымдылыққа тәрбиелеп, ізгілікке жетелейді.Бұл мереке мұқтаж жандарға қол ұшын беру сияқты гуманистік дәстүрлерді нығайтуға елеулі үлес қосып, қоғамдағы имандылық бастауларын нығайтатын ізгі ниет пен игілікті амалдарда көрініс табуда.
 Баршаңызды бүгінгі қасиетті мейраммен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, тыныштық, амандық  тілейміз!" – дейді басқарма мамандары.
WhatsApp Image 2020-08-03 at 11.49.53

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓