«Тобыл» құрамын толықтырды
Газетіміздің алдыңғы нөмірлерінің бірінде қостанайлық футболшылардың оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін Түркияға аттанғанын жазғанбыз. Жаңа маусымға дайындалып жатқан Григорий Бабаян шәкірттері екі жолдастық кездесу өткізіп үлгерді. Алдымен Латвияның «РФШ» клубымен тең ойнаса, Грузияның «Дила» командасынан 0:2 есебімен ұтылып қалды.
Бұл ойыннан соң қостанайлық клуб бірден құрамын өзгертті. Сонымен жаңа маусымда «Тобыл» намысын қорғайтын футболшылармен таныс болыңыздар.
Гвинея-Бисау ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Тони Силва жаңа маусымда «Тобыл» сапында доп тебеді. Айта кету керек, Тони Силваның португалдық паспорты да бар. Басқа елде тұрса да, Португалияда жастық шағын өткізді. 2015-2016 жылдары ұлттық чемпионатта өнер көрсетті. «Унио Мадейро» командасы үшін 14 матчта үш гол соқты.2009 жылы Англияға қоныс аударды, «Челси», «Ливерпуль» жастар командаларында, сондай-ақ «Барнсли» және «Дагенхэм» құрамында ойнады. 2020 жылға дейін Тони Грекия, Гвинея-Бисау, Болгария, Түркия, Сауд Арабиясы клубтарында өнер көрсетті.
Өткен жылы жартылай қорғаушы «Таразбен» келісім-шартқа қол қойды. Дебюттік маусымында жамбылдықтар сапында 17 матчта 4 гол соқты.
Өткен жылы жартылай қорғаушы «Таразбен» келісім-шартқа қол қойды. Дебюттік маусымында жамбылдықтар сапында 17 матчта 4 гол соқты.
Халықаралық деңгейде Силва Португалияның жасөспірімдер құрамасында өнер көрсетті, бірақ кейін Гвинея-Бисау құрамасын таңдады. Ұлттық құрамадағы 11 ойында ол екі гол соқты.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген де «сары-жасылдармен» («Тобылдың» лақап атауы – авт.) келісім-шартқа қол қойды.
Тағыбергеннің кәсіби мансабы өзінің туған жері – Қызылордада басталды, 2008 жылы «Қайсар» сапына алынды. Ол осы команданың құрамында ел біріншілігінде 2012 жылға дейін ойнады.2013 жылы Тағыберген «Ақтөбеге» ауысты. Мұнда Асхат ел чемпионы, кейін күміс және қола жүлдегер атанды, Қазақстан Суперкубогының иесі деген атағы және бар. 2016 жылы елордалық «Астана» клубына ауысып, онымен Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанып, ел Кубогын жеңіп алды. 2017 жылдың ақпан айында Тағыберген Қостанайға қоныс аударды. Астықты аймақта 10 ойын өткізіп, 2018 жылдың қаңтар айында «Қайсарға» қайта оралды.
Асхат қостанайлықтар құрамына Түркиядағы жиындарда қосылды. Жартылай қорғаушы 8-ші нөмірді таңдады.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый да Қостанайда қалатын болды. Өткен маусымда Сергей чемпионаттың үздік ойыншыларының бірі болды, ол «Olimpbet-Қазақстан чемпионатының үздік қорғаушысы» номинациясында үздік үштікке кірді. Жалпы алғанда, сары-жасылдар сапында қорғаушы 26 матч өткізді.
«Сары-жасылдар» Грузия құрамасының шабуылшысы Элгуджа Лобжанидземен толықты.Элгуджа – «ВИТ-Джорджия» (Грузия) клубының түлегі. Сонымен қатар, ол өз отанында «Шукуру», «Динамо», «Рустави» құрамында, 2017 жылы Ресейде «Оренбург» сапында өнер көрсетті.2019 жылдың ақпан айында ойыншы «Таразға» ауысты. Өткен маусымда 28 жастағы ойыншы «Қайсар» жейдесінде 13 матчта 8 гол соқты. Ұлттық құрамада 2017 жылы дебют жасап, 11 матчта алаңға шықты.
«Тобылдың» тағы бір жаңалығы – жаңа қақпашы келді. Қарағандылық жас шебер Егор Цуприков мекенжайын астықты аймаққа ауыстырды. Егор Цуприков өзінің кәсіби мансабын 2013 жылы «Шахтер-Болат» командасында бастады. «Шахтердің» негізгі құрамында 2018 жылы қызылордалық «Қайсарға» қарсы ойында дебют жасады. Қазақстанның 17 жасқа дейінгі және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамаларында ойнаған.Жаңа маусымда қақпашы 41-ші нөмірмен өнер көрсетеді.⠀
Қасқырбай Қойшыманов