Талаптар сақталуы шарт

Облыс әкімі санитарлық талаптарды сақтау үшін мемлекеттік орган басшыларының жауапкершілігін еске салды. Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов мемлекеттік мекемелердің қызметшілері карантин режимін бұзбау үшін жауапкершілік шараларын түсінуі тиіс екенін атап өтті.
Архимед
Өңірдегі жалпы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға полиция департаментінің бастығы, облыстық бас санитарлық дәрігер жауапты. Ал іске қосылатын нысандардағы ахуалды (СОО, базарларда) санитариялық талаптардың сақталуын облыс әкімінің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі орынбасары, жергілікті әкімдер мен санитариялық қадағалайды.
Сонымен қатар, Архимед Мұхамбетов орынбасарларына, салалық басқармаларға, қалалар мен аудандар әкімдеріне кәсіпкерлік нысандарымен, «Атамекен» ҰКП, мүдделі органдармен бірлесіп, қызметін тоқтатқан экономика салаларының жұмыс істеуін қалпына келтіру үшін жүйелі дайындық жұмыстарын 17 тамызға дейін жүргізуді, сондай-ақ, кәсіпорындардағы барлық санитарлық нормаларды қолданыстағы талаптарға сәйкес келтіруді қамтамасыз етуді тапсырды.
штаб
«Қала және аудан әкімдері кәсіпкерлерге карантин мәжбүрлі шара екенін түсіндіруі қажет. Бүгінгі эпидемиологиялық жағдай соны талап етіп тұр. 17 тамыздан бастап пандемияның одан әрі таралуына жол бермеу үшін нысандарды 2 апта ішінде ашуға дайындау маңызды», – деді облыс әкімі.
Аслан ҚАНҒОЖИН

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓