Азаматтығын ауыстырған балаларға Ұлттық қордан ақша берілмейді
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров балалардың қандай жағдайда Ұлттық қордан қаражат ала алмайтынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егер бала азаматтығын өзгертсе, онда ол бұл қаражатты алмайды, олар басқа балалар арасында бөлінеді. Егер азамат тұрақты тұруға көшіп кетсе, бірақ 18 жасқа дейін азаматтығын сақтаса, Қазақстан азаматы болса, бұл ақша оның өзінде қалады", – деді Әлібек Қуантыров.
Министр 2022 немесе 2023 жылдарға арналған қаражат келесі жылға жоспарланғанын айтты.