Қатаң шектеу шаралары сақталады
Қостанай облысының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің орынбасары өңірде қатаң шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қол қойды.
2020 жылдың 3 тамыз және 17 тамыз аралығында облыс территориясында қатаң шектеу шаралары қабылданады. Шектеу шаралары туралы Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Ю. Севостьянов хабарлады.
1)Жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып бектіледі. Құрылыс материалдарын, санитарлық-техникалық және санитарлық-гигиеналық тауарларды, ауыл шаруашылығы мен саяжайға арналған тауарларды, авто және ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектерді, салттық керек-жарақтар мен тауарларды өткізумен айналысатын дүкендерді қоспағанда, азық-түлік емес дүкендердің қызметіне тыйым салынады.
2)Саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға, қоғамдық және ұйымдастырылмаған жағажайларға, халықтың өзге де демалыс орындарына баруға тыйым салынсын;
3) ХҚКО жұмысын ұйымдастыру, оның ішінде Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBBot 2.0 арқылы арнайы ХҚКО арқылы алдын ала брондау бойынша, жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ХҚКО (Арнайы ХҚКО) және CaII орталықтардың жұмыс кестесі белгіленсін;
4) жабық үй-жайларда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, Халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және басқалар), сондай-ақ қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде) және көшеде болған кезде барлық адамдарға қорғаныш маскаларын міндетті түрде кию керек;
Қатаң шектеу шаралары 3 тамыз үні сағат 00:00 бастап күшіне енеді.