Банк қызметкерлері қайырымдылық жасады

сайтка 1

Бүгін бүкіл әлем мұсылмандары атап өтетін Құрбан айт мерекесінде банк қызметкерлері қайырымдылық шараларын өткізді.

«Евразиялық банк» АҚ Қостанай филиалының директоры Қырмызы Жаңбыршинаның айтуынша, қасиетті мерекеде қаржы қызметкерлері балаларға, көп балалы отбасыларына азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізді.

Олар облыстық балалар ауруханасына барып, қысқа толқынды пеш, термопот сыйлады.

сайт4

сайт2

Сонымен қатар, олар қаладағы тұрмысы төмен отбасылардың үйін аралап, азық-түлікпен көмек көрсетті.

сайт3

Көрсетілген көмекке ризашылық білдірген мұқтаж жандар қазақстандық қоғамның басты құндылықтары – бейбітшілікті, келісім мен бірлікті және бір-біріне құрмет пен қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

сайт5

Айта кету керек, Құрбан айт мерекесі аясында қайырымдылық шаралары «Евразиялық банк» АҚ Қостанай филиалы қызметкерлерінің есебінен ұйымдастырылды.

сайт6

Іс-шаралар барлық санитарлық нормалар мен карантин ережелерін қатаң сақтай отырып өткізілді.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓