Шахмат турнирі басталды
Уфимцев атындағы шахмат клубында жедел шахматтан облыстың ашық чемпионаты басталды. Дәстүрлі турнир биыл Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетовтің жүлдесі үшін өтті. Облыстың барлық аудан-қаласынан 50-ге таяу спортшы келді.


Айта кетейік, 2018 жылдың желтоқсан айында Астанада ҚР ашық чемпионаты өтеді. Аталған жарыста Шыңғысхан Саржанов пен Петр Костенко облыс намысын қорғайды.

Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ,
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.