Жол жөндеуге – 30 млрд теңге

Облыс әкімінің баяндауынша, өңірдегі жол жөндеу жұмыстары жылма-жыл қарқын алып келеді. Мұны халық алдында есеп беру жиыны кезінде айтты.жол
Былтыр жалпыға ортақ пайдаланылатын елді мекендер көшелерінің автомобиль жолдарын қайта жаңғырту,  күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде 37,6 млрд теңге игерілген. Бұл 2017 жылғыдан 31% артық екен.
Өткен жылы 2,1 млрд теңгеге «Арқалық-Торғай» (83 км), 593 млн теңгеге «Тобыл-Таран-Красносельское-Набережное» (15,7 км), 422,8 млн теңгеге Құсмұрын ауылының кіреберіс жолына (15 км), 365,7 млн теңгеге «Адаев-Орқаш-Аралкөл» (9,8 км) автомобиль жолдарының учаскелеріне орташа жөндеу жүргізілді. Мұнымен қоса,1,5 млрд теңгеге «Ұзынкөл-Сарыкөл» (15 км), 500,0 млн теңгеге «Әулиекөл-Диев-Қосағал-Ақжол» (25 км), 313,4 млн теңгеге «Федоров-Ленино-Вишневое» (10 км) автомобиль жолдары учаскелерінде қайта жаңғырту жұмыстары жалғастырылған.
"2019 жылы бұл мақсаттарға, шамамен, 30,1 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр. Облыстық маңызы бар 2,2 шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртудан өтеді. 392 шақырым жергілікті маңызы бар жолдар, сондай-ақ 51,7 шақырым елді мекендердің көшелері орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады", – деді аймақ басшысы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓