ХҚКО жұмыс уақыты ұзартылды

Қостанай облысының тұрғындарына қызмет көрсету орталықтары жұмыс уақытын уақытша өзгертті. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің 08.01.2010 жылғы № 41 бұйрығына сәйкес ХҚКО азаматтарды сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды, сенбіде ХҚКО жұмыс істемейді.
"Қостанай облысының барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ Қостанай, Рудный және Тобылдағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы ерекше. Естеріңізге сала кетейік, осы қалалардың тұрғындарына қызмет көрсету орталықтарына бару үшін алдын ала тапсырыс беру керек. Сонымен қатар, кезекке тапсырыс берген кезде уақыт порталда да, ботте де 9.00-ден 19.30-ға дейін автоматты түрде беріледі. Назар аударыңыз! Қостанай қаласының халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде қызметтерді алудың жаңа кестесін ескере отырып, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін кезекті брондау қажет. Кейінірек брондау жарамсыз болып саналады. Сондай-ақ, сенбіге брондау қазіргі уақытта жарамсыз болып саналады", – деп түсіндірді "Азаматтарға арналған үкімет" МК Қостанай облысы бойынша филиалының PR-менеджері Ярослава Богатырева.
Кезекті брондаудың бірнеше жолы бар: egov.kz электронды үкімет порталындағы арнайы қызмет арқылы, 1414 нөмірі бойынша, сонымен қатар, EgovKzBot2.0 Telegram бот арқылы.
Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына кіру үшін медициналық масканы міндетті түрде тағу керек. Әлеуметтік қашықтықты сақтау да маңызды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓