Алғашқы онлайн құрбандық

WhatsApp Image 2020-07-31 at 17.51.55      

Бүгінгі Құрбан айттың алғашқы күні еліміз бойынша бұрынғыдан өзгеше тәртіпте өтіп жатқаны белгілі. Құрамында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мамандары, Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі, прокуратура, полиция қызметкерлері, БАҚ өкілдері бар мониторингтік топ облыс орталығындағы «Амиго» серіктестігіне қарайтын қасапхананың жұмысымен танысып қайтты.
WhatsApp Image 2020-07-31 at 17.51.56
Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыстық «Аймағанбет қажы» мешітінің найб-имамы Әлішер Балахмет қасапшыларға семинар өткізіп, құрбан шалудың тәртібі мен талаптарын түсіндірген болатын. Сол себепті, бүгін өңіріміздің дін қызметкерлерінің онлайн құрбан шалуға әзір екендеріне әрі түсіндіру жұмыстарының да қарқынды жүргізіліп жатқанына көз жеткіздік.
WhatsApp Image 2020-07-31 at 17.51.563
Атап айтсақ, Федоров тас жолына шығаберістегі «Амиго» серіктестігіне бұрылатын жерде жол-патрульдік полиция ешкімді ішке кіргізбейді. Ал қасапхана басында тек қасапшылар, имамдар және онлайн видеоға түсірушы оператордан басқа ешкімнің жүруіне рұқсат жоқ. Тіпті, кіреберістегі күзет қызметі мониторингтік топ мүшелерінің дене қызуын өлшеп, қолдарына антисептикалық сұйықтық сеуіп беріп жатыр.
WhatsApp Image 2020-07-31 at 17.51.551
WhatsApp Image 2020-07-31 at 17.51.562
Қасапхананың мал сою орны да әбден сақадай-сай әзірленген. Қасапшылар бір-бірінен алшақ жерде малды бауыздап, терісін сыпырып, етін бұзып, ішек-қарны, өкпе-бауырын жеке-жеке мүшелеп жатыр. Әр мал бауыздалар кезде имамдар батасын жасап, кімнің атынан шалынып жатқан құрбан екенін камера арқылы хабарлап отырады.
WhatsApp Image 2020-07-31 at 17.51.564 
– Өңіріміздің азаматтары жүзге жуық қой-тоқтыға Qurban2020.kz сайты арқылы онлайн тапсырыс беріп, ол малдар сойылды. Үш ірі қара малы құрбанға шалынды. Айта кетейік, онлайн тапсырыспен сойылған мал еті толығымен көп балалы және жағдайы төмен отбасыларға, жетімдер үйіне, қарттар үйіне, зағиптар үйіне таратылып беріледі. Мұның сыртында жеке үйлерінде құрбан шалғандар мал етінің бір бөлігін бізге тапсырып жатыр. Жалпы, бізде 1400-ге жуық мұқтаж отбасы тіркеліп тұр. Олардың 90-ы аудандарға қарасты. Алла қаласа, кешке дейін сойылған малдардың еті сол жанұялар мен мекемелерге бөліп таратылады. Аудандарда ет түгел таратылып беріліпті. Ал кешкі 20.00-ге дейін жиналған етті ертең көліктері бар 45 еріктіміз қаладағы мекенжайлар бойынша жеткізіп беретін болады. Осындай қиын-қыстау кезде өтінішімізді жерге тастамай, қаражатын аударған өңірдің қайырымды жандарына айтар алғысымыз шексіз! – деді облысымыздың бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет.
WhatsApp Image 2020-07-31 at 17.51.561
Бас имам үш күнгі Құрбан айт мейрамы біткен соң дүйсенбі күні БАҚ арқылы атқарылған жұмыстардың нәтижесімен бөлісетінін жеткізді.
WhatsApp Image 2020-07-31 at 17.51.57

Суреттеріді түсірген Бердіболат Көркембаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓