Сайлау учаскелеріне баруға рұқсат

Қостанай облысында жасы 65-тен асқан адамдарға сайлау учаскелеріне баруға рұқсат берілді.unnamed
Бұл жас деңгейіндегілер әлі күнге тәуекел тобында, сондықтан, облыстың санитар дәрігерінің қаулысы бойынша, былтырдан бастап, қазіргі күнге дейін олардың еркін жүріп-тұруына шектеу қойылып келді. Әрине, дүкенге, дәріханаға баруға, қоқыс шығаруға, үй жануарын серуендетуге тыйым салынған жоқ. Енді саяси науқанға қатысып, дауыс берулеріне рұқсат етіліп отыр.
Сондай-ақ, естеріңізге сала кетейік, жаңа қаулы бойынша, санаторийлер, профилакторийлер, демалыс базалары санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, 80%-ға дейін клиент қабылдай алады.
Мұның сыртында облыс аумағындағы қалааралық автобустарға, микроавтобустарға жолаушылар санын 75%-ға дейін көбейтуге мүмкіндік берілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓