Қостанай облысында демалыс күндері локдаун режимі жалғасады

сайт1 

Бұл туралы коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов хабарлады.

Мәселен, Қостанай облысында демалыс күндері – 1-2 тамыз, 8-9 және 15-16 тамыз күндері санитарлық режимді келесі қосымша шектеуді көздейтін локдаун режимі белгіленеді:

– Қоғамдық көлік қызметіне тыйым салу (сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін, сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін қозғалыс кестесін белгілей отырып, саяжай маршруттарын қоспағанда));

– Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі тек дайын тағамдарды тұтынушыға сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жеткізуге рұқсат етілсін (уақыт бойынша шектеу жол бойындағы сервис объектілерінде қолданылмайды);

– Азық-түлік өнімдерін сататын сауда объектілерін, дәріханаларды қоспағанда, барлық сауда объектілерінің қызметіне тыйым салу;

– Азық-түлік өнімдерін көтерме сатуды қоспағанда, сатылатын ассортиментке қарамастан барлық сауда базарларының қызметіне тыйым салу;

– Халыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілерінің жұмысына тыйым салу (автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, киімді, аяқ киімді жөндеу);

– Скверлердің, саябақтардың, жағалаулардың, оның ішінде олардың аумақтарында орналасқан тамақтану және сауда нүктелерінің, сондай-ақ жағажайлар мен демалыс базаларының қызметін тоқтата тұру.

Архимед Мұхамбетов тұрғындар, сондай-ақ барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар карантиндік шараларды мүлтіксіз сақтауға міндетті екенін атап өтті.

сайтка 3

-Мемлекеттік органдар жүргізетін инфекцияға қарсы іс-қимыл жөніндегі барлық жұмыс карантиндік шараларды бұлжытпай сақтай отырып, халықтың, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың жан-жақты қолдауымен ғана тиімді болады, – деді облыс әкімі.

сайтка2

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓