Мәселені “мессенджер” арқылы хабарла!

Облыс тұрғындары өздерін толғантып жүрген мәселелерін "мессенджер" арқылы жеткізе алады. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінде өткен жиында айтылды.
Департамент басшысы міндетін атқарушы Асхат Ескендіров «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын іске асырудағы ең маңызды тетіктердің бірі цифрландыру бағытын жеделдету екенін атап өтті. IMG_8815-Егер шалғай ауылдардағы жолдың сапасы нашар болса немесе су құбыры іске қосылмай тұрса, онда кез келген тұрғын мәселені мессенджер арқылы жеткізе алады. Бұдан соң арнайы құрылған топ проблеманың мән-жайын анықтайды. Бұл арқылы азаматтардың цифрландырудағы мүмкіндіктерін арттыруға болады. Бір жағынан мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмысын қадағалауға мүмкіндік аламыз. «Қоғамдық бақылау картасы» нағыз халықтық жоба болмақ,-дейді А.Ескендіров. 
«Қоғамдық бақылау картасы» үш бағытта жүзеге асатын болады. Біріншіден, әлеуметтік желілер арқылы кері байланыс орнатылады. Екіншіден, тұрғындарға Qamqor мобильдік қосымшасы көмекке келеді.
-Сондай-ақ, бақылау картасы аймақтық мониторинг топтарының қатысуымен жүргізіледі. «Мониторинг жүргізетін топтар облыстық маңызы бар қалалар мен аудан орталықтарында құрылды. Топ құрамына шалғай ауылдардың өкілдері де қосылды. Олар арнайы іріктеуден өтті», – деді аймақтық мониторинг тобының басшысы  Динара Өтебаева.
Брифингте айтылғандай, «Қоғамдық бақылау картасы» – пилоттық жоба. Бүгінде әлеуметтік желілерде парақшалар ашылып, арнайы мессенджер жұмыс істеп тұр. Мессенджер (WhatsApp) нөмірі – 8-707-602-1424.  суреті поштада  
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓