Күдікті спирттік сұйықтық

 WhatsApp Image 2020-07-30 at 11.14.30

ҚР Қаржы министрілігі Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері ҚР ҰҚҚ шекара қызметі, мемлекеттік кірістер органдарымен бірлескен жедел-іздестіру шаралары барысында 1991 жылғы ҚР азаматы басқарған «Газель» маркалы автокөлігін ұстады. Автокөлікті тексеру барысында 5 литрлік ыдыстарға құйылған белгісіз жерде өндірілген спирт қосылған 1000 литр сұйықтық анықталып, тәркіленді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрілігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Аталған факт бойынша суррогаттық алкоголь өнімін жасауға қатысты тексеру шаралары жүргізілуде. Тәркіленіп алынған өнім мемлекеттік кірістер органдарына айыпты тұлғаларды әкімшілікке жауапкершілікке тарту және өнімді денсаулық сақтау саласындағы өкілетті органға тапсыру үшін жолданды», – делінген хабарламада.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓