Ауыз су мәселесі шешіледі

Облыстағы елді мекендердің 31,8%-і  ғана орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Қалғандары ауыз суды тасып ішеді не болмаса құдықтан алады.Сапалы ауызсумен қамтылуда
        Мәселен, бір ғана Қостанай ауданындағы Шишкин ауылы тұрғындарының тасымал суды тұтынып келе жатқандығына жиырма жылға жуықтады.
         Жергілікті азаматтар көшедегі су колонкалары мен құбырлардың істен шығып, талан-таражға түскендігіне наразы. Ауылдағы ағайынның  қазір бар тілеуі күнара сүт жинап, қаладан су алып қайтадан жалғыз көліктің үстінде.
      – Әсіресе,  қыстың күні  барар ма екен, бармас па екен деп алаңдаумен отырамыз. Жол болмай қалған кездері бір-бірімізбен бөлісіп, амалдаймыз,-дейді ауыл тұрғыны Сергей Шмидт.
       Мұндағы 40 литрлік бәктің құны жергілікті шаруашылықта жұмыс істейтіндерге 20 тенге де, қалғандары 70 тенгеден алады. Оның үстіне мал суарып, кір-қоң жууға қажетті тасымал судың ақысы тағы бар. Өңірде ауызсуға зәру мұндай ауылдар аз емес. Бірақ жыл санап жағдай оңалып келе жатқандығын айта кеткен жөн. Мәселен,  былтыр 220 шақырымға жуық су құбыры тартылды.  Ал бұл жолы  өңірдегі ауылдарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатына өткен жылға қарағанда екі есе көп қаржы бөлініп отыр. Жыл аяғына дейін 13 жобаны жүзеге асыру көзделген.  Осы арқылы ауылды жерлердегі сумен қамтамасыз ететін сегіз нысан ел игілігіне айналмақ.
       -Үстіміздегі жылы Арқа және Ағаштыкөл ауылдары орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. Ол жерлерде 2 мыңға жуық адам тұрады. Сондай-ақ 7 елді мекеннің сумен қамтамасыз ету желісі жаңартылады. Сонда барлығы 50 мыңды адамды қамтимыз, – дейді облыстық энергетика және ТҚШ басқармасының бөлім басшысы Инна Феськова.
          Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша бұл жұмыстарға 5 миллиард тенге бөлінген. Өткен жылға қарағанда екі есе көп. Алдағы уақытта 16 ауылға су құбырын тартып, 8 елді мекеннің ескі су жүйесін жаңарту жоспарланып отыр. 
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓