Елордада қостанайлықтар жәрмеңкесі басталды
Бүгін ел Тәуелсіздігініі 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында Қостанай облысы кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталды. Сауда-саттық мерекесі екі күнге жалғасады.Жәрмеңке өткізу үшін "Хан шатыр" сауда-ойын-сауық орталығы таңдалған. Екі күн ішінде облыстың 14 ауданы мен 3 қаласының 50 кәсіпорыны елордалықтарға өнімдерін ұсынады. Олар 270 тонна көлемінде 100 түрлі тауар апарды. Атап айтқанда, 50 тоона барляқ мал еті, 31 тонна сүт өнімдері, 20 тонна шұжық және жартылай ет өнімдері,27 тонна жарма мен макарон өнімдері, 60 тонна картоп пен көкөніс, 20 тонна ұн саудаға шығарылды. Сондай-ақ, ассортиментте нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, бал және басқа да тауарлар бар.
Жәрмеңкеге елге танымал "Милх", "Деп", "Лидер-2010", "Торғай Ет", "Промбаза 7" ЖШС-тері, "Баян Сұлу" АҚ, "Тэрра" ШҚ және басқа кәсіпорындар барғанын айта кетейік.
Барлық өнім елорда нарығында қалыптасқан бағадан 10-15%-ке арзанға сатылуда.