COVID-19: +63

27 шілдеде Қостанай облысында коронавирус инфекциянын 63 адам жұқтырған.корнаCOVID-19-бен Қостанай қаласының 30 тұрғыны ауырған, 25 адам Б.Майлин ауданында анықталды, Алтынсарин ауданында індетке 5 адам шалдыққан, Қамысты ауданында 2, Қарабалық ауданында 1 жағдай тіркелген.
Пациенттер өз еріктерімен жүгінуі, сондай-ақ тамақ ауруы, дене қызуы, әлсіздік, бас айналуы белгілеріне шағымдануы бойынша, инфекция жұқтырғандармен байланыста болған адамдар ретінде тексерілген.
Осы науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда, барлығы медициналық бақылауға алынады. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр.
2020 жылғы 27 шілдедегі жағдай бойынша, облыста COVID-19 инфекциясын 2417 адам жұқтырғаны анықталды, оның 1251-і жазылып шыққан.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓