Айыппұл – 3 млн теңге

Қостанай облысында бағаны негізсіз қымбаттатқан дәріханаларға 3 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл – үш апта ішінде Тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері прокуратура өкілдерімен бірлесіп жүргізген рейдтердің қорытындысы.200723014437302a3675634i
Бүгіндері 115 дәріхана тексеріліп, әртүрлі сипаттағы 24 құқық бұзушылық анықталған. Департамент басшысының орынбасары Сәуле Ержанованың сөзінше, дәрі-дәрмек бағасын негізсіз қымбаттату деректері тіркелген.
Облыс орталығында бағаны белгіленген межеден асырған дәріханалар тізімі мынадай: 
– «Айгерим Фармация» ЖШС "Нимид" препаратын 3000 теңгеден сатқан, ал оның құны 2963 теңге-тін;
– «Лен Фарм» ЖШС 1036 теңге тұрған "Фильтрум" дәрісінің құнын 1300 теңгеге өсірген;
– «Кожахметова» ЖК 583 теңгелік «Новиган» дәрісін 780 теңгеден саудалаған;
– «Жусупова» ЖК 5640 теңге болуы тиіс «Ингавирин» дәрісін 6000 теңгеден сатып пайда көрмек болған.
Осыған ұқсас келеңсіз деректер Арқалық, Рудный қалаларында және Ұзынкөл, Б.Майлин, Әулиекөл аудандарында да тіркелді.
Бүгінгі таңда Департамент қарауында әкімшілік құқықбұзушылық туралы 24 материал жатыр. Оның жиырмасына қатысты шешім шығарылған. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 3 201 645 теңге. Рейд шаралары жалғасып жатыр.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓