«Студенттік көктем – 2016»
Бүгін Қостанайда 22-ші рет «Студенттік көктем – 2016» фестивалі тұсауын кесті. Облыстың сегіз университетінен 1500-ден астам курсант пен студент өнер, спорт және білім саласында өзара сынға түседі.

Жыл сайын өтетін байқауды Ш.Қабылбаев атындағы академия мен «Грин» қоғамдық альянсі ұйымдастырып отыр.

Жобаның биылғы маусымы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қостанай облысының 80 жылдығына және академияның 45 жылдығына арналып отыр.




