“Жайдарман”: жаңа маусым, жаңа леп

Қостанайда «Жайдарман» ойындарының «Маусымашар-2021» фестивалі өтті. Әзілкештер сайысының бірінші кезеңінде екі кубок сарапқа салынды.
Сайысты тамашалауға республикалық «Жайдарман» ойындарының жүргізушісі Есентүгел Елеукен мырзаның өзі келіп қатысты. Бұл жолы ол қазылар алқасына төрағалық етіп, жас командалардың қарым-қабілетін бағалады.Қазылар алқасы әуелі мектеп оқушыларының ойынын тамашалады. Бұл жарыста Қостанай, Рудный қалалары мен Жангелдин, Алтынсарин аудандарынан барлығы 8 команда бақ сынады. Үздік шыққаны – Рудный қаласының «Техас» командасы. Ал жастардың додасына 11 топ үмітін үкілей келген. Айта кету керек, биылғы ойынға қатысқан командалардың көбі – жаңадан құрылған ұжымдар. Бұл ретте «Жайдарманға» алғаш рет команда қосқан Қостанай автокөлік колледжін атай кеткен жөн. Әрине, «Дарын интеллектуал», «Рудный құрамасы», «Қостомар» сияқты тәжірибелі топтар та бар. Әзілкеш ұл-қыздар көңілді кештің барынша сәнін келтіріп, думанды қыздырды. Шығармашыл жастарға карантин шабыт бергендей, қойылымдарының негізгі тақырыбы осы болды. Ойын қорытындысында аздаған басымдықпен екінші кубокты Қостанай ауданының «Қостомар» командасы жеңіп алды.«Осы маусымда бірқатар өзгерістер енгізіп жатырмыз. Мәселен, «Көңілді мәре» сайысының кейбір элементтерін қосып көрмекпіз. Сонымен қатар, жастардың ой өрісі деңгейінің өсуіне де мән береміз», – дейді «Жайдарлы жастар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Марғұлан Бәкір.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓