Шекарадағы алтын (БЕЙНЕ)

27 шілдеде сағат 18.45-те ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша Департаментіне қарасты «Қайрақ» (автокөліктік) шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары Қазақстан азаматы мінген «Вольво» маркалы жүк көлігін шекаралық тексеру кезінде «алтын кенін» тапты. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша баспасөз қызметі хабарлайды.9a7b2d5a-7db7-4097-99e0-55a224fdc6a9Жалпы салмағы – шамамен, 10 тонна. 12 қапқа салынған. Құжат бойынша, жүк 13 тонна «кварцит» заты ретінде ресімделген. e219b98b-12ad-455a-9c94-a1e6b50e7529
 
Интернет-ресурстардың мәліметі бойынша, 1 тонна алтын кенінен 1 келі таза алтын шығады. ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сүйенсек, 1 грамм алтынның нарықтағы құны – 25 213 теңге. Қолдағы мәлімет бойынша, айыпкер келтіре жаздаған мемлекеттік шығын сомасы, шамамен, 250 000 000 теңгеге жуықтайды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓