Премьер-министрінің орынбасары Қостанай өңірінде жүр
Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді.
Олар өңір басшылығымен, халықпен кездесулер өткізді. Жүздесу барысында әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері сөз болды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жұмыс сапарының бағдарламасында білім беру және денсаулық сақтау салаларының нысандарына бару, атап айтқанда, облыстық ауруханалардың жағдайымен танысты.
Сондай-ақ Үкімет мүшелері жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан 117 пәтерлік тұрғын үй құрылысының жай-жапсарымен танысып, І.Омаров атындағы қазақ драма театрына болды.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков