Заңсыз жарнамамен күрес жалғасуда

сайт 1   

Қостанайда заңсыз сыртқы жарнамамен күрес жалғасуда. «Жарнама» туралы заңның баптарында сыртқы жарнаманы орналастыру тәртібі анық жазылған.

сайт2

Мұндай іс-шаралар өз нәтижесін беруі үшін қалалық әкімдік қызметкерлері әр аптаның жұмасында заңсыз орнатылған баннерлер мен жарнамаларды анықтап, жоюға үнемі шығып тұрады. Ал тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

сайт3

Бүгін рейдке шыққан мониторингтік топ мүшелері Войнов Интернационалистер мен Генерал Арыстанбеков көшелеріндегі «тыйым салынған» жарнамаларға баса назар аударды. Кездескен күрделіліктерге қарамастан нәтиже бар – қала кейпі біртіндеп жақсарып келеді.

сайт5

-Кейбір жекеменшiк компаниялар заң талаптарын белшеден басып, жарнама қондырғыларын бей-берекет орналастыруды жалғастырып келедi. Жарнама қондырғыларын орнату үшiн жер телiмiн пайдалануға иелiк ету құқын беретiн мемлекеттiк акт болу керек. Қала көшелерiндегi жарнама қондырғыларын бей-берекет орналастырған жекеменшiк компанияларға әкiмшiлiк жолмен ескерту жасалады. Кәсiпкерлiк сала иелерiмен мұндай келеңсiз жағдайлардың орын алмауы үшiн алдын-ала түсiнiк жұмыстары жүргiзiлiп келедi, – дейді Қостанай қаласы Сәулет және қала құрылысы бөлімінің Құқықтық рұқсат беру құжаттар секторының бас маманы Екатерина Хамидулина.

сайт4

Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓