Сот орындаушылары кәсіби мерекелерін атап өтті
Сейсенбі күні облыстық сот актілерін орындау департаментінде сот орындаушыларының кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын болды.
Жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтаған облыстық сот актілерін орындау департаменті басшысы міндетін атқарушы Қанат Нақанов елімізде сот орындаушыларының рөлі зор екендігін атап өтті. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап ҚР Әділет министрлігі мен оның құрылымдық бөлімшелері мемлекеттік қызметті құқықтық тұрғыдан қамтуда жоғары деңгейде жүзеге асырып келеді.
Кәсіби мереке аясында облыстық сот актілерін орындау департаментінің ұйымдастыруымен «Борышкерлермен күрес», «Ашық есік күні» акциялары өтіп жатыр.
Шара барысында қызметте үздік деп танылғандар марапатталды. Мәселен, Аманкелді аудандық сот орындаушылар бөлімінің басшысы Елжас Сүлейменов облыс әкімінің грамотасымен марапатталса, облыстық сот актілерін орындау департаментінің алимент өндіру бөлімінің басшысы Айгүл Тілеуқабыловаға Қостанай облысы әділет департаменті басшының Алғыс хатын алды. Облыстық сот актілерін орындау департаментінің айыппұлды өндіру бөлімінің басшысы Бекболат Байнязов ІІІ дәрежелі «Заңгер» төсбелгісін иеленді. Сонымен қатар сот актілерін орындау департаментінің бірқатар аға сот орындаушылары да мақтау грамоталарымен марапатталды.
Шұға Қоңқабай