Бес интернатқа жаңа көлік кілтін тапсырды
Бүгін Қостанай облысындағы сапарында ҚР вице-премьері Гүлшара Әбдіқалықова аймақтың 5 медициналық-әлеуметтік мекемесінің өкілдеріне жаңа көліктердің кілтін табыс етті.
Марапаттау рәсімі ҚР-да қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін Әлеуметтік қызметкер күні қарсаңында өтті.
Екі шағын автобус қариялар мен мүгедектерге арналған Руднен және Лисаков интернат-үйлеріне берілді. №2 Руднен интернаты мен Қостанайлық балаларға арналған психоневрологиялық интернат-үйі «Жедел жәрдем» көліктеріне ие болды.
Салтанатты жиын соңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова әлеуметтік қызметкерлерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, денсаулық, отбасыларына бақыт, жұмыстарында сабырлық тіледі.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков