Дәрігерлер қатарды толықтырды

Бүгінде қалалық аурухана 250 адамға лайықталып провизорлық стационар болып, науқастарды қабылдауда. Мұнда қазір 246 адам ем алып жатыр. Соның ішінде 15 науқас интенсивті терапияда жатыр. Оларға 16 дәрігер мен 6 реаниматолог ем жүргізуде. Дәрігерлердің қатарын толықтыру үшін аудан, қалалардан қажет деген мамандар келіп, іске кіріскен. Бұл дәл қазіргі жағдайда үлкен көмек.  
IMG_2770
– Біздің облыста дәрігерлердің жетіспеушілігі бұрыннан байқалатын. Соған қарамастан қолдан келгенді істеп жатырмыз. Оларға көмекке қалалық емханалардың дәрігерлері, жағдай қалыпты деген аудандар мен қалалардан да медициналық қызметкерлер келді. Қазіргі кезде барлығы 13 дәрігер қалаға шоғырланды. Оларға бар жағдай жасалған. Қонақ үйде тұрып жатыр, жалақылары сақталған, қосымша үстемеақы да төленеді. Осындайда жағдайды түсініп, жәрдем беремін деп келіп жатқан дәрігерлерге ризашылығымды білдіргім келеді. Қандай да бір қиындық туындаса ақылдасып, күнделікті шешуге тырысып жатырмыз. Үй карантинінде жатқан, амболаторлық ем алып жатқан науқастарға мобильді бригада көмек көрсетуде. Облыстық әкімдік көлік беріп, таксилер де жұмылдыруда. Олардың көмегі өте көп. Күніне 2-3 машина керек жеріне тездетіп апара қояды. Мұның бәрі де өзіміз үшін, жақындарымыздың амандығы үшін екенін ұмытпайық. Күннен күнге медициналық шақыртулар көбейіп барады. Жыл басында бір күнде 600 шақырту болса қазір осы көрсеткіш екі еселенді. Күніне 15-20 адам жазылып шығуда, десе де жағдайға қарай үйде ем алғаны жақсы. Кейде үлгермей жатамыз. Осындайда шамалы болса да түсіністікпен қарап, шыдамдылық танытса дейсің. Барлығына да медициналық көмек көрсетіледі, ­- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓