Қосымша қаржы бөлінді

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник қала және аудан әкімдерімен өткен селекторлық кеңесте «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысы туралы баяндады.
Оның айтуынша, облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасы КВИ-дің өсуіне жол бермеу бойынша барлық қажетті іс-шараларды жүргізуде. Облыста барлығы 1680 төсек-орын бар, оның ішінде 585-і жұқпалы аурулар бөлімінде және 1095-і провизорлық стационарда. Айта кетейік, осы жылдың 30 маусымынан бастап Қостанай қалалық ауруханасы 250 орындық провизорлық стационар қызметін атқарады. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен провизорлық стационарға басқа емханалардағы дәрігерлер мен медбикелер қосымша жұмысқа алынды.
WhatsApp Image 2020-07-15 at 11.29.03
– Жедел жәрдем станциясы күшейтілген режимде халықтың шақыруларына қызмет көрсетеді. Жедел жәрдемге сұраныс күніне 1400 шақыртуға дейін өсті. Бұрын орта есеппен 700 адамға қызмет көрсеткен. Үкімет резервінің қаражатынан жеке қорғаныш құралдарын сатып алуға 571 млн теңге бөлінді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 108 млн теңгеге 8 мың бір реттік қорғаныш костюмі, 3145 қорғаныш мата костюмі, 10 мың медициналық маска сатып алынды. Медициналық ұйымдарда COVID-19 емдеу хаттамасымен ұсынылған дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар қоры жасалған. Жыл басынан бері медициналық ұйымдар 700 мыңнан астам антибиотик әкелді. Медициналық ұйымдарда вирусқа қарсы препараттар бар. Мәселен, Лопинавир, Ритонавир сияқты дәрілердің 4000 данасы, Гидроксихлорохиннің 15 мың данасы жасақталды. Жалпы облыс бойынша 210 өкпені жасанды желдету аппараты бар, оның ішінде орталық аудандық ауруханаларға 1-2 құрылғыдан берілді. Шілде айының соңына дейін өкпені жасанды желдетуге арналған қосымша 47 құрылғы келеді деп күтілуде. Бұған қоса компьютерлік томографтарды сатып алу пысықталуда, – деді басқарма басшысы.
Сонымен, облыста дәрігерлер қорғаныш құралдарымен толықтай қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, 25 мың бір реттік костюм, 80 мың маска, 200 мың қолғап бар, олардың 80% медициналық ұйымдарға берілген. Қалғаны – қорда. Осы аптаның соңына дейін өңірге қорғаныш көзілдіріктері, маскалар, қолғаптар және бахилалар, 40 мың костюм келеді.
Бұған қоса аймақта медицина қызметкерлерінің тапшылығын азайту жұмыстар жалғасуда. Бүгінде республиканың медициналық жоғары оқу орындарының 200-ден астам түлегімен келісімшарт жасалды.
WhatsApp Image 2020-07-15 at 11.29.06
– Биыл облысқа 300-ден астам медицина қызметкері келеді. Әкімдер мен тиісті басқарма басшыларына оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін тапсырамын. Қазір медициналық ұйымдарда оттегі желісін жаңғырту мәселесі пысықталуда, бірінші кезекте бұл жұмысты облыстық, Қостанай қалалық, Арқалық және Рудный ауруханаларында жүргіземіз. КВИ-дің таралуына жол бермеу жөніндегі жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ халықты және медициналық мекемелерді дәрілік заттармен қамтамасыз етуді бақылауда ұстау қажет, – облыс басшысы деді Архимед Мұхамбетов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓