Бәрі өзімізге байланысты

Қазақстанда карантин қаншалықты жиі және қанша уақытқа созылуы мүмкін? Қандай критерийлер негізге алынып отыр? Осы іспетті сұрақтарды БАҚ өкілдері Орталық коммуникация қызметі алаңында бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетоваға жолдады. Ол ең әуелгі кезекте барлығы әр қазақстандыққа тікелей байланысты екенін айтты.5f19422673be1073077596
"Карантиннің қаншалықты ұзақ болатыны және қаншалықты босаңситыны әрқайсымызға байланысты. Біздің іс-әрекетімізге тікелей қатысты. Бізге коронавирустың өмірімізге дендеп кіргенін түсінетін және оған қарсы қам-қарекет, әдіс-айланы пысықтайтын кез жетті. Біз үйде, жұмыста, отбасында, таныстар ортасында, нысандарда немесе дүкендерде – бір сөзбен, кез келген жерде сол іс-әрекетімізді қаншалықты берік ұстануымызға байланысты коронавирус инфекциясынан іргемізді аулақ сала аламыз", – деп қайталады ол.
Ал карантин шараларын босаңсыту немесе алып тастау критерийлерін қолдануды ДСМ вирус жұқтырғандардың күн сайынғы және апта сайынғы өсіміне қатысты жүзеге асырады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓