Вице-министр жауап береді
Қазақстандағы міндетті екпе мәселесін талқылауға арналған онлайн конференцияда денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова екпе мәселесіне байланысты ата-аналардың барлық сұрағына жауап беретіндерін айтты.
«Соңғы кездері вакцинация мәселесі әлеуметтік желілерде белсенді талқылаудан өтіп жатыр. Министрлік алаңында осы бағытта бірнеше мәрте онлайн талқылау өткізіп, екпе жасау маңыздылығын түсіндірдік. Бұл шараларға сарапшылар, Парламент депутаттары, дәрігерлер мен танымал журналистер қатысты. Бүгінгі талқылау барысында ата-аналарды толғандырған барлық сұрақтарға жауап береміз деп ойлаймын», – деді Л. Бюрабекова.
Сонымен қатар вице-министр статистикалық мәліметтерге де тоқталып өтті.
«Вакциналау инфекциялық аурулардан қорғанудың тиімді әдісі болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, екпе жасау жыл сайын 3 млн-нан астам адамның өмірін қорғайды», – деді вице-министр.