Бөлімше ашылды

Қостанай қаласындағы облыстық аурухана базасында мультипровизорлық бөлімше ашылды. Қазір онда 15 пациент жатыр. Көпбейінді провизорда жүкті әйелдерге арналған жатын орындар, сондай-ақ өзінің жан сақтау бөлімі бар.koronavirus_provizory
Бұл орын таза және лас зоналарға бөлінеді. Штатта екі эпидемиолог жұмыс істейді. Мұндағы барлық емделушілер бөлек санитарлық торабы бар жеке палаталарда жатыр.
Мұның сыртында, №4 емхана базасында да провизорлық емхана ашылмақ. Ол жерде ЖРВИ симптомы бар барлық науқастар КВИ-ға қарсы тексеруден өткізіледі. Сондай-ақ, емделуші жүгінген кезінен бастап коронавирустық инфекцияға тексеріледі. Мұнда пациенттер кез келген ауданнан жүгіне алады, ол үшін №4 емханаға тіркелген-тіркелмегені міндетті емес.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓