COVID-19: аудандарда анықталған жоқ
2020 жылғы 14 шілде жағдайы бойынша Қостанай облысында COVID-19 індетінің 45 жағдайы анықталды. Барлық дерек облыс орталығында тіркелген. Аймақтарда ауырғандар анықталған жоқ. Қостанайлықтар ЖРВИ белгілерінің пайда болуы кезінде, бұрын КВИ-мен ауырған адаммен байланыста болған ретінде ауруханаға жатқызылғаннан кейін эпидқадағалау шеңберінде тексерілді. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін, науқаспен байланыста болған адамдар іздестірілуде.
14.07 күнгі жағдай бойынша аймақта COVID-19 инфекциясын жұқтырған 1696 адам бар, жазылып шыққаны – 772 адам.