Қостанайлық қос оқушы мүгедектерге арналған робот ойлап тапты
Ақылды робот мүгедектер арбасын қозғалтып, мылқаулардың ымдағанын сол сәтінде арнайы мониторға жазып алады. Кешенді кез келген қалта телефонымен басқаруға болады. Бұл құрылғыға жан бітіру үшін Айдос пен Нұржан бір жыл уақытын сарп етті. Әйтсе де, еңбектері еш кетпеді деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы.

Құрылғыны қолданысқа енгізу көп қаражатты қажет етпейді. Мектеп-интернат оқушыларының жетістігі жалғыз бұл ғана емес. Соңғы жылдардың өзінде облыстық білім бәсекесіне 33 жоба ұсынса, соның 22-сі жүлделі орындарды иеленген.