Аппарат тиісті жерге апарылды

Әлеуметтік желілерде «Түркиядан жеткен 125 тыныс алу аппараты елорда әуежайының қоймасында жатыр» деген мазмұндағы бейнематериал жарық көрді. Анығында, осы жылдың 14 шілдесінде сағат 02.30-да Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына Түркиядан гуманитарлық жүк келді. Жүкті алушылар – «СК-Фармация» ЖШС, «Айдын Нуры» қайырымдылық қоры, «Отандастар» қоры.b1de01fc-6a0d-4060-81b4-b28b59771434
12 тоннадан астам жүк дәрі-дәрмектерді, медициналық қорғаныс құралдарын және ӨЖЖ аппараттарын қамтиды. Ұшақтан жүкті түсіру осы жылдың 14 шілдесінде сағат 4.00-де аяқталды. Кейін аталған жүк әуежай қоймасына орналастырылды. Сағат 10.00-де тауар алушылардың өкілдері келгеннен кейін жеңілдетілген тәртіпте кедендік рәсімдеу жүргізілді. Барлық кедендік рәсімдер 10 минуттың ішінде жасалды. Сағат 11.00-лер шамасында жүк әуежайдан бірнеше партиямен әкетілді.633d97cd-6d34-4d5c-b4f9-2ba00985dcdf
Бұл орайда Мемлекеттік кірістер комитеті сертификатталуы тиіс тауарларды әкелу барысында кедендік ресімдеу үшін рұқсатнама құжаттарын ұсыну қажеттігін көрсетті, себебі біздің азаматтардың өмірі мен денсаулығы медициналық препараттар мен бұйымдардың сапасына тікелей тәуелді. Ал сапасыз препараттар мен бұйымдарды қолдану пандемия кезінде қосымша қауіп-қатер тудырары сөзсіз.
Мемлекеттік кірістер органдары тауарларды жедел кедендік ресімдеуге күш жұмылдырып отыр және қажетті құжаттар ұсынылған кезде, гуманитарлық көмек дереу шығарылатын болады. Осыған байланысты барлық кеден бекеттері тәулік бойғы режимде жұмыс істейді, онда қажетті құжаттарды ұсыну жөнінде кеңес беруге көмектеседі.
Кәсіпкерлік нысандарын және қоғамдық бірлестіктерді қандай да бір түсінбеушіліктерді, толқуларды болдырмау мақсатында қажетті кеңес алу үшін алдын ала жүгінуді сұраймыз.
Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығына 1414, 8-800-080-7777  телефондары бойынша жүгінуге болады. 58d77ec8-c02b-4fca-a2ca-d3d20f30a8fe

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓