Жылды табысты аяқтады
Батыр атындағы аудан 2014 жылды табысты қорытындылады. Жыл ішінде 97,0 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнімнің физикалық индексі 107,7 пайызды құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға 836 миллион теңге (2013 жылы бұл көрсеткіш 598 миллион теңге болған) инвестиция тартылды. Өнімнің физикалық индексі 145,6 пайызды құрап отыр.
Аудан экономикасының незізгі саласы – ауыл шаруашылығы өндірісі бойынша жыл ішінде 6 миллиард 927 миллион теңгенің өнімдері өндірілді. Атап айтқанда 4476,2 тонна ет, 18738 тонна сүт, 7461,5 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2015 жылдың 1 қаңтарына текті аудан бойынша қазір 24577 ірі қара, 61459 қой-ешкі, 11606 жылқы, 130775 құс бар.